Қазақстан жаңалықтары26 желтоқсан 2023, 9:23

Шетелге шығуға тыйымды мобильді қосымшадан қарауға болады

Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мобильді қосымшасын әзірледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ел азаматтарына атқарушылық іс жүргізу саласындағы сенімді ақпаратқа ыңғайлы әрі жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жоба мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген.

Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:

1. Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.

2. Елден шығуға уақытша тыйым салу мен шектеулерін тексеру.

3. Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)

4.Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.

5. QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.

Қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.

«Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойған болатын. Осы орайда, Digital Justice жобасының портфелінің шеңберінде АІЖО ААЖ мобильді қосымшасы әзірленді және оған ешқандай бюджет қаражаты жұмсалған жоқ», — деп жазды министрліктен.

шетелге шығу тыйым мобильді қосымша

Тақырыпқа жаңалықтар