СІМ: Қазақстандықтарға Иранға баруға уақытша тыйым салынады
Қазақстандықтарға Иранға баруға уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының айналасындағы шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына мүмкіндігінше елден шығуды, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, қырағылық танытуды, ресми ақпарат көздерін қадағалап, жергілікті билік органдарының талаптарын орындауды ескертеді.
Сондай-ақ Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ирандағы ҚР азаматтары мен олардың елдегі туыстары үшін байланыс желілері ашылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: