СҚО-да әйел кәріз құдығына құлап, көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз сорғы станциясында түнгі ауысымға түскен әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Новоишимское ауылында болған. Ауылдағы кәріз сорғы станциясының құдығынан 56 жастағы әйелдің денесі табылған. Ол аталған станцияда оператор болып жұмыс істеген.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Куәгерлердің айтуы бойынша, әйелдің өліміне құдық ішіндегі улы газдардың әсері себеп болуы мүмкін.

Өңірдегі полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл жағдайға қатысты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясында түсініктеме берілді.

«Тазарту құрылыстарының операторы түнгі ауысымға кіріскен. Ауысымды қабылдау кезінде оператор сорғы станциясында бекітпе арматураның жағдайын тексеру үшін сатымен төмен түскен. Тексеруден кейін қайта жоғары көтеріліп келе жатып, есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға бойынша департамент арнайы комиссия құрды», - дейді СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Азат Көшербаев.

Әйел Қаза болды СҚО
Кеше, 9:28 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар