ШҚО-да ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеді

Алтай ауданы Парыгино ауылында аяздың күші рекордтық көрсеткішке жетті, беп хабарлайды Arbat.Media.

Соңғы үш тәулікте осы маңдағы елді мекендерде түнде термометр бағаны -51-53 градусты көрсетті. Өңірлік «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде аяз күшеюі мүмкін екенін хабарлады.

Парыгино ауылы аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Округте 905 адам болса, оның 833-і елді мекеннің өзінде тұрады. Әлеуметтік мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.

ШҚО Қыс мезгіл суық

Тақырыпқа жаңалықтар