Қазақстан жаңалықтары15 сәуір 2026, 12:25

ШҚО-да далада жалғыз қалған 2 жастағы бала құтқарылды

ШҚО-да далада жалғыз қалған 2 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тарбағатай ауданында полицейлер көшеде жалғыз жүрген екі жастағы баланы байқап, аман-есен үйіне жеткізді. Оқиға Ақжар ауылында болған.

Салқын ауа райына қарамастан, бала жеңіл киім және жалаң аяқ жүрген. Жақын маңда ашық әжетхананың болуы жағдайды қауіпті еткен.

Тәртіп сақшылары бүлдіршінді көлікке отырғызып, жылытып, ата-анасын іздестірген. Көп ұзамай ұлын іздеп жүрген баланың әкесі табылған. Белгілі болғандай, үйдегілер байқамай қалған сәтте бала есіктен шығып кеткен екен.

ШҚО полиция құтқарды Бала

Тақырыпқа жаңалықтар