СҚО-да пайызға қарыз беріп, қаражатын екі еселеп алатын күдікті ұсталды
СҚО-да күдікті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, алаяқтық жасаған. Адамдардың сеніміне кіріп, пайызға ақша берген. Бірақ қаражатын еселеп қайтартқан. ҚМА тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
2013 жылдан 2025 жылға дейін күдікті тиісті лицензиясыз адамдарға пайызға жүйелі түрде қарыз беріп келген. Келісімшарттарда нақты берілген сомадан едәуір жоғары сома көрсетілген. Себебі құжатта алдын ала есептелген сыйақы қосылып отырған.
«Қарыздар бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10%-ын құраған, бұл жылдық есеппен 60–120%-ға тең», деп хабарлады ҚМА.
Сондай-ақ күдікті мүлікті сатып алу-сату туралы жалған шарттар рәсімделген. Нәтижесінде заңсыз қызметтен түскен табыс 1,8 млрд теңгеден асты.
Күдіктінің кесірінен пайызға ақша алған адамдар зардап шеккен. Оларға жоғары пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған.