Студенттерді қорқытып несие рәсімдеткен
Фото: Видеодан алынған кадр
Videoskrin
Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2024, 13:00

Студенттерді қорқытып несие рәсімдеткен

Оралда екі студентті қорқытып, ақшасын иемденіп кеткен күдіктілер ұсталды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілер екі студентті 150 мың теңге көлемінде шағын несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.  одан кейін өз есепшоттарына аударған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

 

«Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған қаражат тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изолторына қамалды. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

студенттер әлімжеттік Несие Алаяқтық

Тақырыпқа жаңалықтар