Қазақстан жаңалықтары5 мамыр 2024, 16:00

Студенттердің 40 ноутбугын ломбардқа өткізіп жіберген

Астанада 21 жастағы жігіт студенттердің 40-тан астам ноутбугын заңсыз жолмен иемденіп, ломбардқа өткізіп жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Анықталғандай, «уақытша пайдаланамын» деген желеумен студенттерден ноутбук алуды әдет еткен күдікті алған ноутбуктарды ломбардқа өткізіп отырған. Бұдан түскен ақшаны интернеттегі ойындарға бәс тігуге салып, ұтылып қалған.

Қымбат техниканың басым бөлігі ломбардтардан тәркіленген.

Қалалық полиция мәлімдемесінде: «Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның қала аумағында жасалған басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», делінген.

 

Астана Ноутбук студенттер Ломбард

Тақырыпқа жаңалықтар