Қазақстан жаңалықтары4 сәуір 2025, 11:28

Шудағы жүкті әйелдің өлімі: тың деректер шықты

Журналист Шудағы ана мен бала өліміне қатысты тың деректерді айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Журналист Руслан Өтепбай журналистік зерттеуінен кейін тың деректермен бөлісті.

“Марқұм ана мен шақалақтың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды!Шудағы аурухананың бас дәрігері орнынан босатылуы мүмкін! Осы ақпаратты естіген ақ халаттының әріптестері басшыларын қорғап, дәл мынадай видео түсіріпті. Алайда марқұм Әдемінің туыстары дәрігерлердің бұл бейнежазбасына наразы. 25 жасар келіншек пен баласының жұмбақ өлімі әділ тергеледі деген үміттеміз. Осы оқиғаға қатысты тың жаңалықтар болса, дереу бөлісемін! Ұл-қыздарымызға өте абай болайық!”, - деп жазды журналист.

Шу, жүкті әйел, өлім

Тақырыпқа жаңалықтар