Шымкент биыл жаңа жылдық безендіруге 99 миллион теңге жұмсамақ

Шымкент биыл жаңа жылдық безендіруге 99 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұны қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты. Сондай-ақ ол биыл өзінің бастамасымен табиғи шырша орнатуды жоспарлап отыр екен.

Өткен жылы безендіруге 80 миллион теңге бөлінген екен. Десе де әкім үнемдеу саясаты жүргізіліп отыр дейді.

Ал Батыс Қазастан облысында 11 миллион теңге бөлінеді екен. Олар бірнеше жылдан бергі шыршаны қайта орнатамыз дейді.

Шымкент Жаңа жыл Безендіру қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар