Шымкентте интенсивті алма бақтарын құру бойынша ақша жымқырған қор басшысы ұсталды

Шымкентте интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқырғандар анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Интенсивті алма бақтарын дайын күйінде тапсыру бағдарламасын қаржыландырған.

Тергеу амалдарына сай, қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ж.Д. Омаров байланысы бар тұлғалар арқылы мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.Жабдықтардың, материалдардың және құрылыс-монтаж жұмыстардың құны жасанды түрде өсірілген.

Соған қарамастан, жалған қабылдау-тапсыру актілері рәсімделіп, солардың негізінде бюджет қаражаты аударылған.

Нәтижесінде мемлекетке 430 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

 

Сонымен қатар, агроөнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінген инвестициялық субсидияларды заңсыз алу қылмысы да анықталды.

Шотқа жалпы сомасы 327 млн теңгеден астам бюджет қаражаты аударылған.

Алайда нақтысында көрсетілген мақсаттарға қаражаттың тек шамамен 20%-ы ғана жұмсалып, қалған бөлігі 250 млн теңгесі жымқырылған.

Күдікті Ж.Д. Омаров қамауға алынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыс Жаза Қаржы жымқыру
14 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:17 Қазақстан жаңалықтары
14 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар