Қазақстан жаңалықтары16 мамыр 2024, 9:12

Шымкентте мектеп басшылығы бухгалтермен бірге 48 млн теңге жымқырған

Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды. Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлім еткендей, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Шымкент ұрлық бухгалтер Мектеп

Тақырыпқа жаңалықтар