Қазақстан жаңалықтары15 сәуір 2024, 14:41

Тағы бір Салтанат: Алматыда бұрынғы әйелін ұрған ер адам кешірім сұрады

Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады. «Құрметті қазақстандықтар. Мен - Александр Ким, бұрынғы жұбайым Салтанат екеуміз түсіп қалған видеоға байланысты үндеу жазып отырмын. Ең алдымен, Салтанаттың ата-анасы мен туғандарынан кешірім сұраймын. Менің бұл әрекетім ақтауға жатпайды. Қандай жағдай болмасын, Салтанатқа қол көтермеуім керек еді», - деп бастады сөзін ол, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Айтуынша, Салтанат екеуі үлгілі отбасы болған.

«Онымен 11 жыл бірге тұрдық. Үлгілі отбасы болдық. Бір-бірімізді жақсы көрдік. Жас отбасы армандайтынның бәрі болды. Салтанат менің төрт баламды дүниеге әкелді. Басқа отбасындағыдай бізде де жанжал болып тұрды. Соңы ажырасуға әкелді. Бірақ сезім жойылған жоқ», - дейді Александр.

Сонымен қатар, ол қызғаныштан бұрынғы әйелінің телефонын сындырып, итеріп жібергенін айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sanek (@sanek_1113)

«Мен оны ұрып-соқпадым, тек қатты итеріп жібердім. Сол сәтте эмоцияға бой алдырдым. Содан кейін бірден Таразға қайттым. Арыз туралы әлеуметтік желідегі видеодан білдім. Оның бетінде ешқандай жара жоқ. Қоғамда мені Қуандық Бишімбаевқа теңеп, соның қатарына қойғандарын қаламаймын. Әйелге қол көтеруге болмайды және мен өзімді осы үшін кінәлаймын», - деді Салтанаттың бұрынғы күйеуі.

Алматы Салтанат тұрмыстық зорлық-зомбылық Кешірім

Тақырыпқа жаңалықтар