Талдықорғанда жоғалған 14 жастағы қыздың денесі табылды
Талдықорғандық Карина Дарохинаның жоғалғанына үш айға жуықтаған. Осы уақыт аралығында оқушы қызды іздеуге еріктілер мен полиция жұмылдырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform жариялады.
Бұған дейін жоғалған қыздың анасы мен өгей әкесінің күдікке ілінген.
Бүгін облыс полицейлері жасөспірімнің мүрдесін тапты. Каринаның анасы мен өгей әкесі қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсеткен.
- Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді. Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды, - деп хабарлады облыстық полициядан.