Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2025 жылдың тамызында қазақстандықтар Конституция күніне байланысты үш күн демалады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.
Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:
- 2-3 тамыз,
- 9-10 тамыз,
- 16-17 тамыз,
- 23-24 тамыз,
- 30-31 тамыз күндері — ресми демалыс күндері саналады.
Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: