Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2025, 15:58

Танымал қазақстандық журналист экс-әйелінен 1,5 млн теңге талап етіп отыр

Асхат Садырбай экс-әйелінен 1,5 млн теңге моральдық шығын мен кешірім талап етті, деп хабарлайды Arbat.media.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай өзінің бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызына қарсы сотқа талап арыз түсірді.

«Физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті» деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қол сұғу ретінде қарастырылуы керек», – делінген талап арызда.

Асхат Садырбай сотқа мынандай талап арыз түсіргені белгілі болды:

 

  • Жарияланған ақпараттарды жалған деп тану;
  • Аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялау;
  • Жазбаша кешірім хатын жолдау;
  • 1 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу;
  • Кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы ақиқат» редакциясына ұсыну.

 

Айғаным Болатқызы бұл іс бойынша сот отырысының ашық өткенін қалайды. Оның айтуынша, БАҚ өкілдері процеске қатысып, істің ашықтығына кепіл болуға тиіс.

Сот процесі 2025 жылдың 21 ақпанында басталып, Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

Журналист, әйел, Астарлы ақихат, сот

Тақырыпқа жаңалықтар