Таразда балабақша қызметкері тәрбиеленушілерге қол көтерген

Таразда балабақша қызметкері тәрбиеленушілерге қол көтерген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жолы оқиға Тараздағы мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған. Әйел көк пакетті сермеп, баланың басынан ұрған. Сол соққыдан баланың бас терісі жырылып кеткен.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәрбиеленушіге дене жарақатын салғаны үшін Қылмыстық кодекстің 140-бабы - «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, куәгерлерден жауап алынып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», деп хабарлады ведомство.

 

Ақпарат Балабақша Тараз полиция

Тақырыпқа жаңалықтар