«Тәрбием жібермейді»: Аша Матай заңгерге жауап берді

Әнші Аша Матай өзін пікірсайысқа шақырған заңгер Мейірман Шекеевкеүн қатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол әлеуметтік желіде видео жариялады. Әнші ер адамдармен сөз таластыруға тәрбиесі жібермейтінін айтты.

«Көкірегімдегіні дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын. Ел үшін бірігіп жұмыс істеуге бармын. Тырнақ астынан кір іздемей бірге жұмыс істейікші, ағалар. Көбіңіз мені сахна арқылы танисыздар. Осы жолды силаған тағдырыма ризамын. Өнер жолы маған халықтың мұң-мұқтажын көруді, қиындығын сезе білуді үйретті. Сондықтан мен халық партиясындамын», - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды пікірсайысқа шақырған еді. Тіпті, “партиясымен бірге келсін” деп қатқыл үн қатқан.

Аша Матай Әнші Пікір Жауап

Тақырыпқа жаңалықтар