Қазақстан жаңалықтары20 сәуір 2024, 14:10

Тасқынмен күреске 32 мыңға жуық адам жұмылдырылды

Бес облыс аумағында 5 мыңнан астам жеке үйді су басып тұр дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 862 жеке тұрғын үйді, 1 065 аула аумағын су басып тұр. Су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 942 адам, 4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы, 14 әуе көлігі жұмылдырылыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«21 494 адам өз үйлеріне оралды. 8 786 адам, оның ішінде 3 814 бала эвакуациялау пункттерінде. Орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты жұмылдырылған ТЖМ күштері тұрақты жеріне оралып жатыр. Жайық және Есіл өзендерінің арналарында судың көтерілу болжамына байланысты Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше бақылауда тұр. ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті жалғастырып отыр. Тұрғындар жедел желі телефонына 2 036 рет қоңырау шалған. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 942 адам, 4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы, 14 әуе көлігі жұмылдырылды», - деді А. Шәріп.

ТЖМ 32 мыңға жуық адам тасқынмен күрес

Тақырыпқа жаңалықтар