Теміртау тұрғыны тұрғын үйдегі шыршаны өртеп жіберді

Теміртауда тұрғын үйдің подъезінде ер адам жасанды жаңа жылдық шыршаны және мерекелік безендірулерді өртеп жіберді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бейнежазбада 33 жастағы тұрғын шыршаны өртеп, оның толық жанып кеткенін бақылап тұрғаны көрінеді. Өрт басқа да әшекейлерге таралған.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Оған қатысты «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, іс сотқа жолданады. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Шырша Жаңа жыл Теміртау Апат

Тақырыпқа жаңалықтар