TikTok-тағы сурет үшін жасөспірімдер полицияның назарына ілікті

Ақтөбелік жасөспірімдер желінің жетегіне еріп, полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Arbat.media.

Жасөспірімдер әлеуметтік желіге қару ұстап түскен суреттерін жүктеген. Ал полицейлерге бұл әрекетін «контент үшін» деп түсіндірген.

Облыстық полиция мәліметінше, олардың бесеуі – студент, ал біреуі – жоғары сынып оқушысы. Олардың 16, 17 жаста екені белгілі болды.

«Жедел іздестіру іс - шараларының нәтижесінде полицейлер осы жарияланымдарға қатысы бар алты жасөспірімнің жеке басын анықтады», - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің бірінен газды тапанша тәркіленді.

Бала, қару, сурет

Тақырыпқа жаңалықтар