Тиын жұтып қойған сәби аман қалды
Павлодарлық полицейлер тиын жұтып қойған сәбидің өмірін сақтап қалуға көмектесті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция капитандары Арыстанбаб Сағидолла мен Сүйіндік Рахметовқа жүргізуші жүгініп, бір жасар ұлына шұғыл көмек қажет екенін айтты.
Полицейлер лезде «жасыл дәліз» жасап, оларды ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлердің уақтылы көмегінің арқасында сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болды.
"Бізді қиын сәтте жалғыз қалдырмай, жол ашып берген полицейлерге алғысымыз шексіз", - деп жазды баланың анасы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: