Тоқаев Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады  

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Тоқаев Басшы Құттықтау ұлттық
25 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар