Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті.

Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық секторға, өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу маңызды.

Ақорда Тоқаев Кездесу жиналыс

Тақырыпқа жаңалықтар