Тоқаев Ресейге барды
Тоқаев Жеңіс күніне орай Ресейге барды, деп хабарлайды Arbat.media.
Президентті Владимир Путин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін шақырған еді. Тоқаев 8 мамырда Мәскеуде бірқатар шетел президенттерімен кездесу өткізеді.
Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлері «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараны Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы Андрей Белоусов басқарды. Қазақстаннан Руслан Жақсылықов қатысты.
Сондай-ақ Абхазия, Алжир, Беларусь, Үндістан, Моңғолия, Оңтүстік Африка және басқа да елдердің әскери ведомство басшылары қатысты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: