Тоқаев Жапония премьерін құттықтады

Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге жеделхат жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапониядағы парламент сайлауында либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтады.

«Бұл елеулі жетістік – сіздің парасатты саясатыңыз бен өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз», деп жазылған жеделхатта.

Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін айтты.

Тоқаев Ақорда Жапония Құттықтау

Тақырыпқа жаңалықтар