Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2025, 16:54

Трансгендерді өлтірген жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Тбилисидегі сот 26 жастағы Беку Джайаниді трансгендер модель Кесария Абрамидзені өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ер адам трансгендерді асқан жауыздықпен өлтірген. Сотталушы марқұмның гендерлік таңдауына қарсы келген. Кейін трансгендерді қасақана өлтірген.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 18 қыркүйегінде Грузияның астанасында болды. Тергеу мәліметтері бойынша, кісі өлтіру Грузия парламенті ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң қабылдағаннан кейінгі күні болған. Джайани сот отырысына қатыспады.

Кесария Абрамидзе Грузиядағы ең танымал трансгендер модельдердің бірі болған. 2018 жылы ол Miss Trans Star International халықаралық сұлулық байқауында ел атынан қатысты.

Сот, отырысы, гендер, саясат, түрме

Тақырыпқа жаңалықтар