Түркістан облысында 20-ға жуық шенеунік жарты миллиардтан астам ақшаны қолды қылған

Басшылар, бухгалтерлер мен экономистерді қоса алғанда 18 қызметкер 49 мектепке бөлінген ақшаны жымқырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар мұғалімдер мен басқа да қызметкерлердің жалақысына арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайтып, жалған құжаттар жасап, қаражатты жалған тұлғаларға аударып отырған.

Келтірілген залал 583 млн теңгеден асты. Шығын толық өтелді.

Төрт шенеунікке рақымшылық жасалды, қалғандары 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Түркістан облыс Мектеп жымқыру

Тақырыпқа жаңалықтар