Түркістан облысында ағайындыларды пышақтап кетті

Түркістан облысында ағайындыларды пышақтап кетті. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Төлеби ауданының Зағамбар ауылында болған.

"Көлік жуу бекетінде туындаған жанжалдаған ер азамат ағалы-інілі азаматтарға пышақ жарақатын салған. Ағайындылар ауруханаға жеткізіліп, інісі алған жарақатынан көз жұмған", - дейді полиция.

Оқиғаға қатысты екі күдіктіні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Адам өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облыс Ағайынды Пышақ

Тақырыпқа жаңалықтар