Түркістан облысында әкесіне қорлық көрсеткен ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесіне қорлық көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Осыған орай облыстық ПД түсініктеме берді, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Түркістан Шардара Әке соққы

Тақырыпқа жаңалықтар