Түркістанда төбелеске қатысқан басшы лауазымынан босатылуы мүмкін
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Онда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы төбелеске қатысқан.
Агенттік қызметтік тексеріс жүргізіп, тиісті шешім қабылдағанын мәлім етті.
Шенеунікке қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін «атқарып отырған лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: