ТЖМ-нің әскери бөлімдеріне қазақ батырларының есімі берілді
Фото: Kazinform
Kazinform

ТЖМ-нің әскери бөлімдеріне қазақ батырларының есімі берілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөліміне Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Үкімет қаулысы бойынша:

Төтенше жағдайлар министрлігінің №28237 әскери бөлімін «Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» деп;

№ 68303 әскери бөлімін «Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» деп;

№52859 әскери бөлімін «Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі» деп;

№20982 әскери бөлімін «Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі» деп аталатын болды.

Бұл шешімге Республикалық ономастика комиссиясының 24 қаңтардағы қорытындысы негіз болған.

Айта кету керек, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау жөніндегі 2022−2025 жылдарға арналған жол картасының аясында 3 мыңға жуық ономастикалық атауды Қазақстанның мемлекеттілігіне сай ету көзделген.

Аталған құжаттың аясында 2021 жылы 68 елді мекен мен олардың 572 құрамдас бөлігінің атаулары өзгертілген.

ТЖМ қазақ батырлары аты берілді әскери бөлімдер

Тақырыпқа жаңалықтар