Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық банктің мәліметінше, инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер мен сыртқы ортадағы белгісіздік базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығына айтарлықтай себеп болып отыр.
«Сонымен бірге Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделетін болады, оның аясында макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары да жаңартылады», деп хабарлады Ұлттық банк.