Ұлытау облысында музыка мектебінің бухгалтері қомақты қаражат жымқырды

Ұлытау облысында музыка мектебінің бухгалтері қомақты қаражат жымқырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін соттады.

Тергеу мәліметінше, бухгалтер 2024 жылдан 2025 жылға дейін өзіне заңсыз түрде жалақы тағайындап отырған. Сонымен қатар, ол мекемеде жұмыс істемеген адамдарға да жалақы есептеген.

Сот үкімімен бухгалтер 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

 

 

Ұлытау облыс Есепші Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар