Үржардағы жол апатынан Астанада емделген балалар ауруханадан шықты

Үржардағы жол апатынан Астанада емделген балалар ауруханадан шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ақпарат таратты.

Абай облысының Үржар ауданында 21 тамыз күні жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі бала шұғыл түрде Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың жағдайының ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалған.

«Екі апта жүргізілген ем-дом нәтижесінде қазіргі уақытта науқастардың жағдайы жақсарды. Олар амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.

Абай Үржар Апат Көлік
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:16 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар