Вагонның үстіне шыққан 15 жасар баланы ток соқты
Шымкентте вагонның үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соғып, ол дереу ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқыс оқиға Тұран ауданының Тургенев көшесінде болған.
Теміржол станциясында вагонның үстіне шыққан 15 жасар баланы электр тогы қатты соққан.
Денесі екінші дәрежелі күйіп, ауруханада жатқан баланың жағдайы орташа ауыр.
«Қауіпсіздік ержелерін сақтау керектігін ескертеміз. Теміржолды тек арнайы белгіленген жерден кесіп өту керек, вагон маңынан жүруге, ойнауға, оған шығуға, рельсте тұруға және отыруға тыйым салынады» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: