Хромтау әкімі пара алып ұсталды
Хромтау әкімі екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақтөбе облысында Хромтау әкімі Сағындық Шабықпаев ұсталды. Ақтөбе Облыстық соты мәліметінше, іс әзірге сотқа түспеген.
“Іс әлі тергеліп жатыр, сотқа іс түспеді. Тергеудің басқа мәліметтері әзірше жарияланбайды”, – дейді сот өкілдері.
Қай бап бойынша тергеліп жатқаны нақты көрсетілмеген. Дереккөздердің мәліметінше, әкім «пара алу» бабы бойынша күдікке ілінген. Сағындық Шабықбаев 2023 жылдың қыркүйегінде Хромтау қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: