Петропавлда мектепте оқушы терезеден құлап кетті
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 18 жастағы оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға сабақтан тыс уақытта болғаны хабарланды. Қазір жасөспірім қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, алайда есін біледі. Денесінде бірнеше сыну анықталған.
Мектеп әкімшілігі оқиға фактісін растады және ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: