Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 13:45

Жайық өзеніне батқан үшінші жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды

Атырау қаласының маңындағы Береке ауылында 3 жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен еді. Бүгін, 27 тамызда үшінші жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, сағат 06:30-да үшінші жасөспірімді іздеу қайта жалғасқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Атырау қаласына жақын орналасқан Береке ауылының тұсында Жайық өзеніне батып кеткен 3 жасөспірімнің бірін іздеуге жедел құтқару жасағынан 10 құтқарушы, 5 жүзу құралы тартылды. Сүңгуірлер сағат 9:15-те су астынан үшінші жасөспірімнің мүрдесін тауып, Жайық өзенінің жағалауына шығарды. Екі жасөспірімнің мүрдесі кеше, 26 тамызда сағат 18:25-те табылған еді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Белгілі болғандай, жасөспірімдер Жайық өзенінің арнайы жасақталмаған тұсында суға түскен. Үш жасөспірім де 2008 жылы туған.

«Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты су айдындарында шомылу маусымы ресми түрде әлі ашылған жоқ. Сол себептен қала тұрғындары мен қонақтарына өзен-көлдерде суға түсуге болмайтынын ескертеміз. Әсіресе, кәмелетке толмаған балаларды су айдындарына жіберуге, ата-ананың қарауынсыз қалдыруға болмайды», - деп департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Жасөспірім Жайық суға кеткен Атырау

Тақырыпқа жаңалықтар