Жайықтан 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды
9 шілде күні Жайықтан 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды , деп хабарлайды Arbat.Media.
Индербор кентінде сағат 5:30-да 18 жастағы бойжеткеннің белгісіз бағытқа шығып кеткені жөнінде аудандық полицияға хабарлама түскен. Оның көпірдің үстінде кетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
10 шілде сағат 15:30 шамасында Жайық өзенінен қыздың мәйіті табылып, шығарылды.
Полиция сараптама тағайындап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: