Жалған шот-фактура жазып берген ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды
Алматыда ақша өндіріп, жалған шот-фактура жазып берген ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрылыс-монтаж жұмыстарын, көлік қызметін көрсету және халық тұтынатын тауарларды жөнелту үшін жалған шот-фактуралар беру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметін көрсету арқылы екінші деңгейлі банк шоттарынан ақшаны жоспарлы түрде «қолма-қол ақшаға» шығарып, бес миллиард теңгеден астам сомаға 17 коммерциялық компанияны бақылаған.
«Бір күндік» кәсіпорындар қылмыстық топты ұйымдастырушылардың жақын туыстары мен таныстарына тіркелген.
Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, екі жылдан жеті жылға дейін әртүрлі жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: