Жаңаөзенде құрылыс компаниясы елді алдап, қомақты қаражат иемденген
«Өзен көлік құрастыру зауыты» ЖШС басшылығы Жаңаөзенде «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз жүргізген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қажетті рұқсат құжаттары, жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалау болмаған.
Халықтың ақшасын тарту үшін пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама жасаған.
Нәтижесінде 23 адаммен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған. 303 млн теңге заңсыз тартылған.
Түскен ақша жеке қажеттіліктерге жұмсалған.Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: