Жаңбыр, аптап ыстық: 5 тамызға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Талдықорған, Қонаев қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
«Қазгидромет» болжамынша, кей өңірлерде жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл соғады.
Атырау облысында күндіз 35–37°С, Маңғыстау облысында 38–40°С қатты ыстық болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: