Жәнібек Әлімханұлы жарыстардан шеттетілді
WBO допинг дауынан соң Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол бір жылға бокстан шеттелді. Ал чемпиондық атақтары спортшының өзіне қалдырылды.
Ұйым сондай-ақ шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін боксшы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс екенін растады. Жаза мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі.
Айта кетері, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: