Заңсыз микрокредит схемасы әшкереленді: 19 млрд теңгеден астам кіріс
Керек Қаржылық мониторинг агенттігі «Актив Ломбард» желісі арқылы заңсыз микрокредит беру ісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күдіктілер комиссиялық дүкен ретінде жасырын жұмыс істеп, азаматтарға тәулігіне 1,7–2% жоғары пайызбен қарыз берген.
Нәтижесінде 1,9 млн шарт жасалып, қылмыстық кіріс 19 млрд теңгеден асқан.
Сот шешімімен құны 8,9 млрд теңге болатын мүлікке, оның ішінде элиталы көліктер мен жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.
Күдікті қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: