Желіде Руслан Берденовтың ауруханадағы суреті тарады
Желіде қастандық жасалған Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды, деп хабарлайды Arbat.media.
Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Шымкентке барып, Берденовтен көңіл сұраған. Сөзінше, қазір жағдайы жақсы.
Айта кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кетті.
Оған оқ атқан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Шабуыл жасаған адамның аты-жөні — Ернар Жиенбай. Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол Шымкент қаласындағы №50 мектепте оқыды, бірақ бұл мектепке тек 11-сыныпта келген. Отбасының құқық қорғау органдарында таныстары бар деген дерек бар. Әкесі прокуратурада жұмыс істеген деген мәлімет те шықты.
2024 жылы Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болып тағайындалған. Бұл ұйым мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысады.