Жол апаттарының 91%-ы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудан болады
Көлік министрлігінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғаларының 91%-ы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзумен байланысты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Құқық бұзушылықтардың ішінде жылдамдықты арттыру – 33%, көлік құралын басқаруды жоғалту – 14%, арақашықтықты сақтамау – 13%, жол белгілерінің талаптарын елемеу – 10%.
Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға төмендеп, 1 507 жағдайдан 1 371 жағдайға дейін қысқарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: