Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2024, 15:09

Зорлық-зомбылық жайлы жаңа фильм көрерменнің жоғары бағасын алды

Қазақстандық режиссер Ринат Балғабаев «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен сексуалды зорлық-зомбылық туралы «Горгона» атты жаңа деректі фильмін ұсынды. Туынды әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырды. 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында YouTube платформасында жарыққа шыққаннан бері көрсетілімі миллионнан асты. Фильм гендерлік зорлық-зомбылықты бастан кешірген әйелдердің шынайы оқиғаларын баяндайды. Түсірілімге кейіпкерлермен қатар Қазақстанда гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында еңбектеніп жүрген азаматтар атсалысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл фильмде біз Қазақстандағы сексуалдық зорлық-зомбылық мәселесінің ауқымын көрсетуге ғана емес, зорлық-зомбылық көрген әйелдерге өз оқиғасын айтуға мүмкіндік беруге тырыстық. Сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік нормаларды өзгертуге үлес қосуды көздедік. Өкініштісі, қазіргі уақытта қоғамдағы нормалар түсінбеушілік пен жәбірленушіні айыптауға бағытталған. Фильм осы мәселеге бей-жай қарамайтын әрбір адамды зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырады», - деді фильмнің авторы әрі режиссері Ринат Балғабаев.

БҰҰ деректері бойынша жыл сайын әрбір алтыншы қазақстандық әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Зардап шеккендер дискриминациядан қорыққандықтан, әлемнің басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да гендерлік зорлық-зомбылық жасырын қалады.

«Өз оқиғаларын бөліскен кейіпкерлер – зорлық-зомбылық көргендерді үнсіз қалмауға және қоғамды гендерлік зорлық-зомбылықты жою үшін бірігуге шабыттандыратын батыл әйелдер. Бұл фильм әйелдер құқығы үшін күресте және зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюда маңызды ақпараттық- насихаттық туынды болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ-әйелдер» құрылымының кеңсе басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева.

Ринат Балғабаев зорлық-зомбылық Горгона деректі фильм

Тақырыпқа жаңалықтар