Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Экология және табиғи ресурстар экс-министрі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды. Енді Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады.

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментерінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы мәжіліс парламентінің депутаты болды.

2022 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.

2023 жылы 4 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі - президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болды. 2025 жылғы 25 қыркүйекте Президент оны бұл қызметтен босатқан еді.

 

министр Зүлфия Сүлейменова ІІМ лауазым

Тақырыпқа жаңалықтар