Жұмыс орнына «қаруланып» барған ақтаулық 10 тәулікке қамалды
Жұмыс орнына «қаруланып» барған ақтаулық 10 тәулікке қамалды. Желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция мәліметінше, тәртіп сақшыларына кәсіпорындардың бірінің аумағына ер адамның граната әкелгені туралы хабарлама түскен.
Жұмысшының өзімен бірге гранатаға және қаруға ұқсас заттарды апарғаны анықталды.
Тәркіленген заттар пиротехникалық зат пен пейнтбол тапаншасы болып шықты.
Сот шешімімен ер адам медициналық емес мақсатта есірткі қолданғаны үшін 10 тәулікке қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: